Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

ҚазҰУ студенті тауда өз-өзіне қол жұмсады

14:31, 25 қыркүйек 2025 248

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің екінші курс студенті өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Alash.KZ сайты Orda.kz порталына сілтеме беріп.

Дереккөздің мәліметінше, ол Биология және биотехнология факультеті «Нейроғылым» мамандығы бойынша оқыған. Қарағандыдан Алматыға келіп, №14 жатақханада тұрған. Алдын ала мәлімет бойынша, студент кеше жоғалып кеткен, кейінірек оның денесі таудан табылған.

Естеріңізде болса, бұл ҚазҰУ студенттері арасында тіркелген алғашқы жағдай емес. Шілде айында шығыстану факультетінің бірінші курс студенті өз-өзіне қол жұмсап, ректораттың 14-қабатынан секірген еді.

Полиция қылмыстық іс қозғады, ал құзырлы органдар оқиғаның себебін отбасылық жағдайлармен байланыстырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар

Джеки Чан Алматыға келді

10:27, 25 қыркүйек 2025 144