1 желтоқсан күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапхана ғимаратында университеттің 90 жылдығына және Халықаралық мүгедектер күніне арналған ұлттық ойын тоғызқұмалақтан ашық турнир өтті.
Тоғызқұмалақ ойыны жай ғана ойын емес. Бұл ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан бірегей мәдени мұра. Бүгінде тоғызқұмалақ қазақстандықтар арасында ғана емес, шетелде де күннен-күнге танылуда. Бұл халықтар арасындағы достық байланыстарды нығайтуға көмектесетін ұлттық бірегейліктің символы және мәдени дипломатияның маңызды құралы.
Турнирге Алматы қаласының 14 жоғары оқу орнынан 120 спортшы қатысты: әл-Фараби ат.ҚазҰУ, ҚҰПУ, ҚСТА және т.б. Оларға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан Бангладеш, Йемен, Қытай және т.б. шетелдік студенттер де қосылды. Әсіресе, Алматы қаласы мен Алматы облысының мүмкіндігі шектеулі спортшыларының қатысуын атап өткен. Бұл тәжірибе алмасу, достық қарым-қатынас орнату және барлығына тең мүмкіндіктерді көрсету алаңына айналған шара деп танылды. Байқау алты номинация бойынша өтті: студенттер (соның ішінде шетелдіктер), сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар.
Ерекше жетістікті ҚазҰУ-дың 2 курс студенті Ернұр Мұратқалиев көрсетіп, мүмкіндігі шектеулі жандар арасында жеңімпаз атанды. Әл-Фараби университетінің ақпараттық технологиялар, филология, физика-технология, заң және медицина факультеттерінде білім алып жатқан шетелдік студенттер де белсене қатысты. Бұл Қазақстанның ұлттық ойындарына деген қызығушылықты ғана емес, сонымен бірге еліміздің мәдениетіне енуге деген ұмтылысты көрсетті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер университет пен «Парасат» кәсіподақ қоғамдық бірлестігі тарапынан берілген бағалы сыйлықтармен марапатталды. Марапаттаулар арасында: әр номинация бойынша 1, 2 және 3 орындар үшін кубоктар мен медальдар, естелік кәдесыйлар, сонымен қатар келесі ірі турнирлерге қатысу үшін сертификаттар болды. Тоғызқұмалақтан өткен турнир ҚазҰУ өміріндегі спортты дамытудың жаңа кезеңін және жастар арасында ұлттық салт-дәстүрді насихаттауды бейнелейтін жарқын оқиғаға айналды. Ол әртүрлі ұлттар мен әлеуметтік топтардың студенттерін біріктіріп, мәдени алмасу мен өзара түсіністіктің құндылығын атап өтті. Осындай іс-шараларды өткізу еліміздің жетекші білім және мәдени орталығы ретінде университеттің беделін нығайтуға ықпал етеді.
Молдахметова Айнұр Шахарқызы
Тоғызқұмалақтан спорт шебері, аға оқытушы
Тургенебаева Айжан Шоханқызы
аға оқытушы, көркем гимнастикадан спорт шебері
Аяжан Сакен
әл-Фараби ат. ҚазҰУ, журналистика факультетінін студенті