ҚазТАГ ақпарат агенттігінің басшысы Әсет Матаев екі ай мерзімге қамауға алынды. Бұл туралы оның адвокаты Рена Керимова Азаттық радиосына мәлімдеді, деп жазады Alash.kz.
Адвокаттың айтуынша, сот Матаевқа қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауды таңдаған. Сонымен қатар прокуратураға оған жедел медициналық көмек көрсету қажеттігі жөнінде ескерту жасалған.
Айта кетейік, осы аптада Әсет Матаевтың Алматыда болған төбелес кезінде жарақат алғаны туралы ақпарат тараған еді. Полиция мәліметінше, аталған оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалып, жанжалға қатысушылардың барлығы, соның ішінде Матаев та ұсталған.
Бұған дейін адвокаты оның басынан жарақат алғанын және өзін жайсыз сезініп жүргенін хабарлаған.
ҚазТАГ басшысы Әсет Матаев екі айға қамауға алынды
Туризм және спорт министрлігінде кадрлық ауыс-түйіс: Жаңа вице-министр тағайындалды
22:00, 16 қараша 2026
Әлихан Мәулет батуттағы гимнастикадан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
20:00, 16 қараша 2026
«Ерекше ықылас… Сыйлық дайындадық»: Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын бөлісті
16:09, 16 қараша 2026
Кадрлық ауыс-түйіс: «ҚазМұнайГаз» басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды
15:36, 16 қараша 2026
«ҚазҰУ-да тағы бір 1-курс студенті көз жұмды»: Алматы полициясы күдіктіні ұстады
15:06, 16 қараша 2026
Олжас Бектенов Халықаралық валюта қоры миссиясының Қазақстан бойынша басшысымен кездесті
14:30, 16 қараша 2026