Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Қазіргілер сауатсыз. Бізде үшке оқыды деген баланың өзі қарапайым сөздерді қатесіз жазатын”. Дәрігер дабыл қағып, мектеп проблемасын ашық айтты

16:25, 05 мамыр 2026

Әлеуметтік желіде дәрігер Ақмарал Досымбетқызы еліміздегі білім беру жүйесіне қатысты өзекті мәселелерді көтеріп, қоғамда пікірталас тудырды, деп хабарлайды Alash.kz.

Автордың айтуынша, бүгінде мұғалімдердің негізгі қызметінен тыс жұмыстарға тартылуы жиілеген. Ол педагогтарды сенбілікке қатыстыруды түсіністікпен қабылдағанымен, олардың тікелей міндетіне кірмейтін шаруаларға мәжбүрлеу дұрыс емес екенін атап өтті.

Сонымен қатар, жазбада қазіргі оқушылардың базалық білімді толық меңгере алмауы алаңдаушылық туғызатыны айтылған. Дәрігердің пікірінше, қарапайым оқу бағдарламасын игеру үшін оқушыға мұғалімнен бөлек репетитор мен ата-ананың көмегі қажет болуы – жүйедегі олқылықтың белгісі.

Тағы бір мәселе ретінде ата-аналар жиналысының форматы сынға алынды. Автор педагогтардың ата-аналарды «тәрбиелеумен» айналысуы орынсыз екенін, оның орнына оқушының үлгерімі мен нақты мәселелерге назар аудару қажет екенін жеткізді.

Оның сөзінше, бұрынғы буын оқушылары қосымша сабақсыз-ақ сауатты білім алған. Ал қазіргі таңда репетиторға тәуелділік артып бара жатқанын ол алаңдатарлық тенденция деп бағалады.

Өзгені білмейтінім анық, өзіміз 25 оқушыдан
8 сынып боп 400 оқушы бір жылдары оқыдық. Сол 400-дің 80 пайызы сауатты жазатын. Тіпті, таза үшке оқиды деген баланың өзі қарапайым сөздерді қатесіз жазушы еді. Сол сауаттылықтың арқасында, қазір уатсапта қайта қауышқан топта да қателікті көп көрмейміз. Ал қазіргі оқушылардың чатын оқысаң, қателіктен сүрініп, аяқ алып жүре алмаймыз. Біз қосымша сабақтың түрі тұрмақ, атын естімедік. Сонда біздің мұғалімдер қалай оқытты екен бізді? - деп жазды ол. 

Ақмарал Досымбетқызы бұл жазба арқылы педагогтарды сынға алу емес, қоғамдағы маңызды мәселені ортаға салу мақсатын көздегенін атап өтті. Ол оқырмандарды ашық пікір алмасуға шақырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар