Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қазіргі балалар - әлсіз, қарны ашпайды, тамақ ішпейді" - блогер

10:12, 18 қаңтар 2025 262
Блогер Сәбит Рысбаев қазіргі балалардың дұрыс тамақтанбайтынын айтып, ой бөлісті. Авторды қазіргі балалардың ауқаттану әдебі алаңдатқан, деп хабарлайды  Alash.KZ ұлттық порталы.
Кішкентай кезде үйде 6 адам тұрдық. Әке шешем және 4 баламыз. Мама 20-ға жуық нан жабатын. Соны 2-3 күнде тауысатынбыз ғой. Әр шәй ішкенде 2-3 наннан кетіп қалатын. 40-50 банка салат, варенье, бутылмен сацебили жабатын. Комбайн сияқты жоқ қылатынбыз. Бір қазан тамақ жасайтын. Бәрін жей бергенбіз ғой. Не деген аппетит дим да. Сыныпта кей балалар сумкасына салып жарты нан әкелетін. Оны да жеп қояды ғой.
Қазір үйде 7 адам тұрамыз. Мен, әйелім, 4 балам және мама. Салат мүлдем жаппайды. Ешкім жемейді. Малина мен клубникадан басында жабатын. Оны да ешкім жемейтін. Кейінгі жылдары ол да қалды. Сацебили базардан 0.5 ала саламын кейде. Менен басқа ешкім жемейді. Сол 2 айға жетеді. Үйге 1 нан ғана әкелеміз. Сол 2 күнге жетеді. Басында мама нанды тақ алмайды деп 2 нан әкелетін, екіншісі көгеріп кететін. Бере салатын ит те жоқ. Сосын ол да бір нан әкелуге үйренді. Өзім нанмен ұрсып қалғаныма 4 жылдан асты. Нан мүлдем жемеймін.
Астана суық. Тамақ көп жеу керек сияқты. Жұрттарды білмеймін. Біздің үйде тамақ жеу деген азайып кеткен. Біз бала кезде 6 адам жеген тамақты, 7 адам болсақ та жартысын да жемейміз. Балалар да, өзім де футболға, бассейнге барамыз. Қарын ашу керек. Бірақ онша тамақ ішпейміз. Тамақ жеу деген үрдіс азайып кеткен сияқты - деп жазды блогер. 
Блогердің ойын оқырмандар жағы да құптай кетті:
 
- Қазіргі көбісі кетчуп жейді. Мойенез жейді. Сол ағзаны толтырып қойып жатыр ғой. Сосын қимыл аз зияқты. Өзімде қаладамын. Ойланып отырмын ауылға көшіп мал бағып жүрген дұрыс па, қимыл болады, ағза қимылдайды деп... Қазір, қанша дегенмен, қимыл аз ғой қалада;
- Айтпаңыз ауылда тамақ жақсы ішілуші еді, ал қазіргі балалар тамақ жемейді, түртпектеп өздерінің қалағандары болмаса - деп жазды олар. 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар