Белгілі әнші, композитор Құрмаш Махан өзінің көп жылдан бері трендте жүрген әндерінің тарихымен бөлісті, деп хабарлайды ALASH.KZ.
Құрмаш Махан әндерінің тарихын “Қызық Live” бағдарламасына берген сұхбатында баяндады.
Барша қазақтың жүрегінен ойып тұрып орын алған, “Аңсарым”, “Кездесу мен қоштасу”, “Аяулым”, “Жан сырым”, т.б әндері әншінің музасына айналған, 5 жыл қарым-қатынаста болған Жамбылдық аруға арналған.
Әнші қазір ол қыздың бөлек жанұясы, бала-шағасы барын тілге тиек етті.
Сол себепті оның атын атап, түсін түстемеді. Өзінің де кейін отбасылы болғанын айтты.
Айтуынша, 5 жыл ғашық боп жүрген махаббатына әнші 9 ән арнаған. Көптің көңілінен шыққан “Жан сырым” әнін туған күніне арнап шығарғанын да еске түсірді. Алғашқы махаббат вальсін де сол күні билегенін айтты.
Сұхбат барысында жүргізушілер Құрмаш Маханнан “жұбайыңыз ренжімей ме?” деп сұрады.
“Жеңгелерің керісінше, үнемі қуанады. Менің басты қолдаушым ғой. Орден беру керек”,- деді.