Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақтар жүкті келіншекті бөлек үйге жіберіп, қамқорлық жасаған - АКТЕР

11:25, 05 шілде 2024 702

Ақын Бақыт Беделхан Дулат Тастекейге берген сұхбатында баланы хандай етіп тәрбиелеудің жолын көрсетті,- деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Massaget.kz  сайтына сілтеме жасап.

Ақын Бақыт Беделхан әрбір әке өзін патша санап, баласын мұрагер етіп тәрбиелеу керегін айтты.

"Біздің хандар, патшалар, байлар, сұлтандар аяғы ауыр әйелді қырық күннен кейін бөлек ақ боз үй тігіп, жақсы жайсаңдармен ғана араластырып, қара ниетті адамдарды жолатпаған. Сондай-ақ ақылды, данышпан, әнші, жыршы, күйші, жырау, абыз адамдарды айналасына топтастырған. Сонда бала іште қырық күннен бастап тоғыз ай тәрбиеленеді. Ал дүниеге келгеннен кейін мейірімге, шапағатқа бөленеді. Одан кейін ақылды әңгілемер естиді. Ол ертең ханның тақ мұрагері. Сол сияқты әрбір әке өзін патша санаса, баласын мұрагер қылуға тиіс және міндетті. Сондықтан бала тәрбиесі деген жақсы сөз бен мақтау-мадақтан тұрады деп ойлаймын. Ең бастысы, бала тәрбиесіне әке-шешенің ұрыс-керісі өте кері әсер ететінін ұмытпау керек",  - дейді ақын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар