Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қазақтан тонаған байлығын елге мұра етті ме?". Олигарх Александр Машкевич қайтыс болды

16:40, 22 наурыз 2025 1540

Eurasian Resources Group (ERG) және Еуразиялық қаржы компаниясының акционері, директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич 71 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды  Alash.kz порталы Мalim.kz  сайтына сілтеме жасап.

Александр Машкевич - ERG компаниясының ірі акционерлерінің бірі. Ол бұл компанияны Патох Шодиев, Ибрагимовтер әулеті және Қазақстан үкіметімен бірге басқарған. ERG құрамына «Қазхром» трансұлттық компаниясы, Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі, «Қазақстан алюминийі» және Қазақстан электролиз зауыты сынды ел экономикасы үшін маңызды кәсіпорындар кіреді.

Сонымен қатар Машкевич Патох Шодиев пен Ибрагимовтермен бірге «Еуразиялық қаржы компаниясы» АҚ, «Еуразиялық өнеркәсіп компаниясы» АҚ және «Еуразиялық өндірістік компания» ЖШС-нің де тең иесі болды.

Ол «Еуразиялық қаржы компаниясы» АҚ мен «Еуразиялық банк» АҚ директорлар кеңесіне жетекшілік етті, Қазақстан Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшесі, сондай-ақ Қазақстанның Ат спорты федерациясының құрметті президенті қызметтерін атқарған.

Оқырман қауым бұл хабарға қатысты тосын ой айтты:

"Қазақтың байлығын Қазақтың ұры қарыларымен бірігіп тонап, шексіз бацыған сұмырайлардың бірі еді, құдайдың қаһарына ұшыраған екен. Қазақ халқының несібесін талан таражға салғандарға жұғысты болсын", "Миллиардты өзімен алып кетті ме?", "Мешкейге қазақты тонатып, тонауға жағдай жасаған кім? Өзіміз. Мына жер, байлық ата бабамыздан мирас боп қалды. Соны итжегендер мен мешкейлерге тонатып қойдық. Ешкімді кінәламайық", "Қазақтан тонаған байлығын елге мұра етті ме?" деп жазды олар.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар