Тележүргізуші әрі режиссер Тигран Кеосаян көз жұмды. Бұл туралы оның жұбайы Маргарита Симоньян хабарлады, деп жазады Alash.kz.
Танымал тележүргізуші 59 жасына қараған шағында қайтыс болды.
"Бүгін түнде Тигран өмірден өтті. Біз үшін дұға еткендердің бәріне рақмет. Қазір маған да, отбасыма да қоңырау шалмауларыңызды сұраймын. Барлығына алғыс айтамын. Рақмет", – деп жазды Маргарита Симоньян.
Айта кетейік, биыл қаңтар айында ресейлік Тигран Кеосаян комаға түскен болатын.
Еске сала кетсек, 2022 жылдың сәуірінде ресейлік тележүргізуші Тигран Кеосаян Қазақстан туралы екіұшты пікір айтқан еді.
Белгілі ресейлік тележүргізушінің сөзіне ҚР СІМ назар аударды. Мұндай мәлімдемелер Ресей мен Қазақстан арасындағы тату көршілік қарым-қатынас атмосферасына зиян тигізетінін жеткізді. Кейін ҚР СІМ баспасөз хатшысы Кеосаянды Қазақстанға кіруге тыйым салынған тұлғалар тізіміне енгізетінін мәлімдеді.