Жазушы Мағира Қожахметова әлеуметтік желіде қаралы хабар айтты, деп жазды Alash.kz.
Оның айтуынша, ұзаққа созылған ауыр сырқаттан кейін белгілі журналист, жазушы әрі мәдениеттанушы Сара Латиева өмірден өткен.
Марқұмның замандасы, курстасы әрі жақын құрбысы болғанын айтқан ол, Сара Латиеваны сырлас, қанаттас бірге жүрген жан ретінде еске алды.