Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанға 30 жыл ішінде 1,9 миллионға жуық қандас оралған

05:57, 17 ақпан 2022 277
[ad_1]



2022 жылдың 1 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында Қазақстанға өзге елдерден 1820 қазақ оралып, қандас мәртебесін алған. Бұл жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 17 ақпан күнгі хабарламасында айтылады. 1991 жылдан бері шетте жүрген 1 миллион 89,7 мың қазақ тарихи отанына оралған.


Жыл басында келген қандастардың көбі Өзбекстаннан (73,5%) келген. 11,8% – Қытайдан, 3,7% – Түркіменстаннан, 3,1% –Моңғолиядан және 8,1% басқа елдерден келген.


Олар негізінен Алматы, Маңғыстау, Түркістан және Жамбыл облыстарына, сонымен бірге Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларына қоныстанған.


Ақпаратқа қарағанда, биыл келгендердің 60 пайызға жуығы – еңбекке жарамды, 24,3%-ы – еңбекке қабілетті жастан кіші , 15,8 пайызын зейнеткерлер құрайды.


Еңбекке қабілетті қандастардың 12%-ының жоғары білімі бар. 39,8 пайызының орта кәсіби білімі бар. 47,1%-ы - орта білімді. Шамамен 1,1%-ының білімі жоқ.


Елде қандас мәртебесі бір жылға дейін жарамды. 2020 жылы мамырда көшi-қон мәселелерi бойынша кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзіліп, бұған дейін "оралман" аталып келген этникалық қазақтар "қандас" деп аталатын болған. Бірақ оралмандар бұл өзгерістер азаматтық алу процедурасын жеңілдетпеді деп санайды.







[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар

Сирия үшін дау

20:41, 07 желтоқсан 2024 309