Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстандық оқушы әлемнің үздік университеттерінің бірі Гарвардқа оқуға қабылданды

17:59, 27 наурыз 2026

Республикалық физика-математика мектебінің түлегі Бөрте Сайранбекқызы әлемдегі ең беделді оқу орындарының бірі Harvard University-ге оқуға қабылданды, деп хабарлайды Alash.kz. 

Зияткер оқушы академиялық білім мен ғылыми зерттеулерді қатар алып жүріп, халықаралық деңгейдегі жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. 

Бөртенің білім жолындағы басты басымдығы Advanced Placement (AP) бағдарламасын меңгеру болды. Ол 10-сыныпты аяқтаған соң әртүрлі пәндер бойынша бірден жеті емтиханды сәтті тапсырып, AP International Diploma дәрежесін иеленді. Сонымен қатар бойжеткен тілдік дағдыларын да жан-жақты жетілдірген. Ол қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен бөлек, қытай тілін тереңдетіп оқып, SAT, IELTS, CAE және HSK сияқты халықаралық сынақтардан ең жоғары ұпайларды жинады.

Оқушының ғылыми-зерттеу бағытындағы ізденістері де нәтижесіз қалған жоқ. Мектептің қолдауымен ол халықаралық ғылыми жобаларға іріктеліп, АҚШ университеттерінің бірінде профессордың жетекшілігімен тәжірибеден өтті. Академиялық жүктеменің жоғарылығына қарамастан, Бөрте әлеуметтік маңызы бар бастамалар мен шығармашылық жобаларға да белсене қатысып, өзін жан-жақты қырынан таныта білді.

Гарвард университетіне оқуға түсу тарихын баяндаған Бөрте Сайранбекқызы бұл табысқа жетудің негізгі формуласы ретінде тұрақты мотивация мен тиімді ортаны атайды. Оның пайымдауынша, Harvard University-ге түсу жүйелі дайындықтың, тұрақты мотивацияның және тиімді білім беру ортасының нәтижесі болды. Мектеп қабырғасында қаланған іргелі білім мен ғылыми орта оның әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттырған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар