Кәсіпкер Гаджи Гаджиев оппозициялық "Бәсе" арнасының авторы Наталья Садықованы сотқа берді, деп жазады Alash.KZ сайты.
Қазақстандық кәсіпкер және Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті Гаджи Гаджиев «Бәсе» жобасының негізін қалаушы, журналист Наталья Садықованың үстінен Киев сотына арыз түсірді.
Бұл жөнінде алдымен “Украина – Центральная Азия” Telegram-арнасы жазды. Кейін Гаджиевтің өзі Азаттық тілшісіне мұны растады.
Ол Наталья Садықованы өзіне “жала жауып отыр” деп атап, қастандықпен қаза тапқан оппозициялық журналист Айдос Садықовтың өліміне қатысы жоғын алға тартты.
Ал журналист Наталья Садықова Азаттыққа берген сұхбатында мұны қысым деп атаған.