Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстандық дзюдошы Еуропа кубогында алтын медаль жеңіп алды

09:37, 29 маусым 2026

Қазақстандық дзюдошылар Прагада (Чехия) өтіп жатқан Еуропа кубогында жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп жазады Alash.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, Шерзод Давлатов 60 келіге дейінгі салмақтың финалында Франция өкілі Ян Мотоли Бонгамбемен белдесті. Нәтижесінде отандасымыз мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Сондай-ақ дәл осы салмақта Нұраділ Әлжан қола жүлде үшін өткен белдесуде отандасы Сұңғат Нұрлатұлынан басым түсті.

Әйелдер арасында 78 келіден жоғары салмақта Карина Такиева қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алған еді. Дегенмен шешуші кездесуде португалиялық Рошели Нунеске жол берді.

Айта кетейік, Еуропа кубогы 28 маусымда аяқталады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар