Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстандықтар Олимпиада жүлдегерлері Сметов пен Қырғызбаевты қалай қарсы алды?

10:40, 05 тамыз 2024 405

Бүгін қазақстандықтар Алматы әуежайында Париж Олимпиадасының жүлдегерлері Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаевты қарсы алды, деп хабарлайды Alash.KZ Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Әуежайда түсірілген суреттерден фоторепортаж ұсынамыз.

Айта кетейік, қазақ дзюдошысы Елдос Сметов Парижде өтіп жатқан ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы атанған еді. Отандасымыз финалда француз дзюдошысы Лука Мхеидзеден айласын асырды. Елдос қарсыласын негізгі уақытта-ақ жеңіп шықты. Белдесу аяқталуға бір минут қалғанда вазарри әдісін сәтті орындады. 

Финалдық белдесуді Франция президенті Эммануль Макрон арнайы келіп тамашалады.

Айта кетейік, дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында үшінші орын алған еді. 

66 килоға дейінгі салмақта бақ сынаған отандасымыз қола медаль үшін өткен белдесуде серб спортшысы Страхиня Бунчичтен айласын асырды. 

Ғұсман жартылай финалда бразилиялық Виллиан Лимаға жол беріп алған еді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар