Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда зейнетақы төлемдерін тағайындау жеңілдеді

17:40, 06 сәуір 2026

Қазақстанда ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері автоматты түрде тағайындалады, деп жазады Alash.kz.

Бұл туралы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы   қоры» акционерлік қоғамы хабарлады.

«2026 жылғы наурыздан бастап БЖЗҚ-да ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен төлемдерді өтінішсіз (проактивті) тәртіппен іске асыру енгізілді. Бұл нені білдіреді? Егер ЕЗЖ есебінен жинақтарыңыз болса, зейнеткерлік жасқа жеткен кезде төлемдер БЖЗҚ-ға жеке өтініш бермей-ақ автоматты түрде тағайындалады», – делінген ресми хабарламада.

Бұл келесі жағдайларда іске асады:

— мемлекеттік бюджеттен төленетін зейнетақыны рәсімдеу кезінде;
— міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен төлемдерді рәсімдеу кезінде

Төлем тәртібі:

• егер жинақ сомасы ең төменгі зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса, біржолғы төлем ретінде төленеді (2026 жылы – 828 588 теңге)
• ал егер одан көп болса,  міндетті жарналар есебінен жасалатын төлемдермен бірге таусылғанға дейін ай сайын төленеді.

Қажет болған жағдайда, алушы төлем тәртібін өзгерту үшін БЖЗҚ-ға жүгінуге құқылы.

БЖЗҚ мәліметінше, проактивті тәртіп зейнеткерлік жасқа жеткен, бірақ бұған дейін ЕЗЖ есебінен төлемдерге жүгінбеген тұлғаларға қолданылады, соның ішінде 50 жасқа толған немесе мүгедектігі бар тұлғалар. 

Бұл ретте:

50 жасқа толған немесе мүгедектігі бар азаматтар ЕЗЖ есебінен төлемдерді өз бетінше рәсімдей алады:

— enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы

— мобильді қосымшада

— Қор бөлімшелерінде

Жаңашылдық төлем алу үдерісін жеңілдетуге және жинақтардың пайдаланылмай қалу тәуекелін азайтуға бағытталған.

Толық ақпаратты enpf.kz сайтынан алуға болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар