Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда шетелдік белгілі рэпер қамауға алынды

16:43, 15 қазан 2026

Ресейлік рэпер NAVAI (Наваи) есірткі контрабандасы және оны заңсыз сақтау күдігіне ілініп, сот шешімімен қамауға алынды. Ол 13 қазанда Жамбыл облысындағы «Қордай» өткізу пунктінде ұсталған, деп жазды  Alash.kz.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, NAVAI Қазақстанға кіріп келе жатқан кезде ұсталған. Көлігін тексеру барысында есірткі заты анықталып, тәркіленген.

«Күдіктіге қатысты сот шешімімен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды», – деп хабарлады полиция.

Ведомствоның мәліметінше, аталған іс бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің есірткі контрабандасы мен есірткі заттарын заңсыз сақтауға қатысты екі бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Күдіктінің кінәсі сотта дәлелденген жоқ. Тергеу жалғасып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар