Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қазақстанда Ресей мұрасын насихаттағаны үшін". Путин 100 жасқа келген алматылық әйелді марапаттады

10:55, 16 қазан 2025 301

Путин алматылық 100 жастағы монах әйелін орденмен марапаттады, деп хабарлайды  Alash.kz ұлттық порталы.

Zakon.kz хабарлауына қарағанда, 15 қазанда Ресей президенті Владимир Путин Алматы қаласындағы Ивер-Серафимов әйелдер монастырының 100 жастағы тұрғыны Ирина есімді монах әйілін Достық орденімен марапаттаған.

Тиісті жарлық Құқықтық ақпараттың ресми интернет-порталында жарияланды.

"Қазақстанда Ресейдің тарихи-мәдени мұрасын сақтауға және насихаттауға қосқан зор үлесі үшін Алматы қаласының Иверс-Серафимов монастырының тұрғыны – Ирина Анисимовна Любицкая Достық орденімен марапатталсын", – делінген құжатта.

Белгілі болғандай, Ирина Орынбор облысында дүниеге келген. Соғыс жылдарында Тәжікстандағы эвакогоспитальдарда еңбек етіп, 1947 жылдан 1981 жылға дейін Алматыда жедел жәрдем фельдшері болып жұмыс істеген.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар