Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда қой еті бір жылда шамамен 30 пайызға қымбаттап кетті

20:22, 26 мамыр 2026

Қазақстанда қой еті бір жылда шамамен 30 пайызға қымбаттады, деп жазды Alash.kz. 

Сарапшы Ерлан Каримовтің мәліметінше, 2025 жылы Қазақстанда қой етінің бағасы 29 пайызға өскен.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта бір тонна қой етінің құны 1,3 миллион теңгеге жеткен. Ал нарықтағы тірі қойдың орташа бағасы 86,3 мың теңгені құрайды.

Сонымен қатар Қазақстан Біріккен Араб Әмірліктеріне қой етін экспорттауды арттырып жатыр. Сарапшының дерегінше, қазақстандық қой еті Әмірліктерде шамамен килограмы 3,8 мың теңгеден сатылса, ел ішіндегі орташа баға 4,5 мың теңге шамасында.

Маман бұл айырмашылықтың бірнеше себебі бар екенін атап өтті. Олардың қатарында ұзақ мерзімді экспорттық келісімшарттар, Австралия мен Пәкістан өнімдерімен бәсекелестік, делдалдардың көп болуы, логистика шығындарының жоғары болуы және ішкі нарықтағы инфрақұрылымның жеткілікті дамымауы бар.

Сарапшылардың пікірінше, аталған факторлар ішкі нарықтағы бағаның өсуіне әсер етіп, тұтынушылар үшін қой етінің қолжетімділігін төмендетіп отыр.

 
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар