Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қазақстанда қазақша сұрақ қойылса, еш «хайп» емес!". Нұрлан Қоянбаев Нұралы Әліпті сөзбен сыбады

14:15, 19 тамыз 2024 547

Станислав Черчесов биыл жаздағы баспасөз мәжілісінде айтқаны енді-енді ұмтыла бастағанда, ұлттық құрама мүшесі Нұралы Әліп қайтадан жараға тұз сепкендей болды. Ол Ресейдегі подкасттардың бірінде қазақ журналисінің мемлекеттік тілде сұрақ қоюуын «хайп» деп бағалады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы 1bol.kz сайтына сілтеп хабарлайды.

1bol.kz сайтының Instagram-дағы парақшасындағы осы жаңалыққа белгілі актер Нұрлан Қоянбаев пікір қалдырып, футболшының сынға алды.

«Қазақстанда журналист қазақша сұрақ қойса, ол «хайп» емес. Мысалы, Германияда Испаниядан келген бапкерге неміс тілінде сұрақ жолдаса ол «хайп» емес. Өйткені ол Германияда жүрген жаттықтырушы», - деді Нұрлан Қоянбаев футболшыны белгілеп.

Айта кетейік, Станислав Черчесов Қазақстан құрамасына бас бапкер болып тағайындалғаннан кейін журналистермен кездескен болатын. Жиында журналистердің бірі бапкерге қазақша сұрақ қойып, оның ашуын тудырған. Тіпті, Черчесов тек орыс тілінде сұрақ қоюды талап еткен еді. Мұнан кейін қоғам наразылығы туындап, көпшілік оның отставкаға кетуін талап етті.

Ал Нұралы Әліп Ресейдегі Андрей Аршавин және Владислав Радимовпен подкастта мұны журналист тарапынан болған «хайп» деп бағалады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар