Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда мыңдаған адам түрмеден босап шыққалы жатыр

10:13, 11 маусым 2025 376

Бүгін Мәжілісте Конституцияның 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заң жобасы қаралып жатыр, деп жазады Alash.KZ.

Абзал Құспанның сөзінше, түрмелер мен уақытша ұстау изоляторларында 40 мыңнан астам адам ұсталып отыр. Олардың 33 мыңы сотталған. 7 мыңы тергеу қамауындағы адамдар. Бұдан бөлек бас бостандығынан айыру жазасымен байланысты емес 27 мың адам пробация қызметінің есебінде тұр.

- Алдын ала есептеулерге сәйкес, рақымшылық жасауға бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын 6 мың сотталған және пробация қызметінің есебінде тұрғаан 9 мың адам қамтылады. Қылмыстық атқару мекемелерінен шамамен 632 адам, сондай пробация қызметінің есебінде тұрған 3,5 мың сотталған бостандыққа шығады, – дейді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар

23 бала көз жұмды

15:47, 12 маусым 2025 91