Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда жүргізуші куәлігінен айыру бойынша 10 жылдық рекорд жаңарды

16:04, 30 шілде 2026

2026 жылдың қаңтар–маусым аралығында Қазақстанның бірінші инстанциялы соттарына жүргізуші куәлігінен айыру бойынша 5 336 талап-арыз түскен. Бұл көрсеткіш 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7 есе артып, соңғы 10 жылдағы абсолютті рекордты орнатты. Бұл туралы Бірінші кредиттік бюроның сарапшылары мәлімдеді, деп жазады Alash.KZ.

Сотқа ең көп талап-арыз Алматы қаласы мен Ақтөбе облысынан түскен – әр өңірде 757 өтініштен тіркелді. Одан кейінгі орындарда Қарағанды (535), Павлодар (450), Түркістан (435), Абай (363) және Алматы (311) облыстары тұр.

Керісінше, ең аз арыз Астана қаласында тіркелген – бар болғаны 13 іс (жалпы көлемнің 0,2%-ы). Берілген өтініштердің 5 161-і бойынша азаматтық іс қозғалып, 4 251-і қаралып үлгерді, ал 207 талап-арыз қанағаттандырусыз қалдырылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар