Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда жұмыс істейтін CNOOC компаниясының бұрынғы қызметкеріне өлім жазасы тағайындалды

09:53, 18 маусым 2026

Қытайда CNOOC компаниясының бұрынғы топ-менеджері Юань Гуаньюй өлім жазасына кесілді, деп жазады Alash.KZ.

Алайда үкім екі жылға кейінге шегерілген. Reuters агенттігінің мәліметінше, ол 152 миллион юаньнан астам (шамамен 22,5 миллион АҚШ доллары) көлемінде пара алды деп танылған.

Тергеу барысында Юань Гуаньюйдің 2001-2022 жылдар аралығында келісімшарттар жасауға жәрдемдескені, бизнес жүргізуге қолдау көрсеткені және лауазымдық тағайындауларға ықпал еткені үшін ақша мен түрлі құндылықтар алғаны анықталған.

Сот оны өмір бойына саяси құқықтарынан айырып, мүлкін тәркілеу туралы шешім шығарды.

Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, заңсыз алған қаражатты қайтарып берген және тергеумен ынтымақтасқан. Осыған байланысты өлім жазасын орындау екі жылға шегерілген.

Соңғы жылдары CNOOC Қазақстан нарығына кіріп, ҚазМұнайГаз компаниясымен бірлесіп Атырау облысындағы «Жылыой» учаскесінде жобаны жүзеге асырып келеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар