Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда жаңа марапат пайда болады – «Әл-Фараби» ордені

13:22, 10 сәуір 2026

Президент «Әл-Фараби» орденін енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Alash.kz

«Бүгінгі салтанатты жиында тағы бір жақсы жаңалықты жариялағым келеді. 

Қазақ даласы көптеген кемеңгер тұлғалардың мекені болғанын білесіздер. Соның ішінде әлемге әйгілі ойшыл әл-Фарабидің орны ерекше. 

Оның мұрасы – бүкіл адамзаттың асыл қазынасы, өркениет ойының шыңы. 

Осыған орай, мен жоғары мемлекеттік марапаттар тізіміне арнайы «Әл-Фараби» орденін енгізу қажет деп санаймын. Бұл марапат білім мен ғылым, мәдениет пен руханият саласында зор табысқа жеткен азаматтарға беріледі.

 «Мейірім», «Қожа Ахмет Ясауи», «Әл-Фараби» ордендері биыл алғаш рет Республика күні қарсаңында тапсырылатын болады».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар