Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда Екінші дүниежүзілік соғысының қанша ардагері қалды?

15:43, 05 мамыр 2026

Жеңіс күні қарсаңында еліміздегі майдангерлердің саны туралы жаңа деректер жарияланды, деп жазады Alash.kz. 

Ресми мәліметтерге сүйенсек, бүгінде Қазақстан бойынша Екінші дүниежүзілік соғыстың небәрі 57 ардагері арамызда жүр.

Қазіргі таңда көзі тірі батырларымыздың орташа жасы 101-ді құрап отыр. Олардың ішіндегі ең үлкені биыл 105 жасқа толды. Жалпы тізімдегі 43 азамат тікелей соғыс қимылдарына қатысушылар болса, қалған 14 адам майдан даласында алған жарақаттарының салдарынан мүгедектігі бар ардагерлер санатына жатады.

Ардагерлердің ең көп бөлігі Алматы қаласында шоғырланған, мұнда 14 майдангер тұрады. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының әрқайсысында 6 ардагерден бар. Алматы, Қостанай және Павлодар өңірлерінде 4 қариядан болса, Жамбыл мен Түркістан облыстарында 3 ардагерден өмір сүріп жатыр.

Еліміздің өзге өңірлеріндегі көрсеткіштер төмендегідей:

Астана қаласы мен Абай, Жетісу, Ақмола, Ақтөбе, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында әрқайсысында бір-бірден ғана соғыс ардагері қалған. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар