Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда баспана жалдау бағасы көтерілді

08:46, 16 ақпан 2024 258
Қаңтар айында Қазақстанда баспананы жалға алу құны аздап көтерілді. Бұл туралы Қазақстан риэлторлары бірлескен қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко мәлімдеген.

"Өткен жылдың статистикасы 2024 жылдың қаңтарында 2023 жылмен салыстырғанда жалға алу мөлшерлемесінің 4,3 пайызға артқанын көрсетіп отыр. Ешқандай өзгеріс күтілмейді. Барлық баға еліміздегі жалпы экономикалық көрсеткіштер мен инфляция деңгейі аясында өзгереді. Сұраныс тұрақты сақталады. Әдеттегідей, эконом-сегменттегі стандартты өзгерістерді тамыз-қыркүйек айларында байқаймыз", - деді Нина Лукьяненко Ratel.kz тілшісіне.

Осы орайда, сарапшы баспананы жалға алу бағасы сұраныстың төлем қабілеті мен ұсыныстың ықпалы негізінде қалыптасатындығына баса назар аудартқан.

Фото: Pixabay
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар