Астанада баскетбол болашағы сөз болды: Головкин мен FIBA бас хатшысы кездесті, деп хабарлайды ALASH.kz
Астанада аты аңызға айналған боксшы, қазір Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин мен Халықаралық баскетбол федерациясының (FIBA) бас хатшысы Андреас Загклис бас қосып, еліміздегі баскетбол спортының келешегін талқылады.
Кездесуге ҚР Баскетбол ұлттық федерациясының президенті Абай Алпамысов та қатысты.
Әңгіме негізінен Қазақстандағы баскетболдың даму қарқыны, ұлттық құрамалардың дайындығы және 3х3 баскетболының келешегі жайында өрбіді. Екі тарап та 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына ерекше мән берді. Бұл жарыста 3х3 баскетболында командалар саны 8-ден 12-ге дейін артып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ.