Қазақстанда азық-түлік бағасы қымбаттады, деп хабарлайды Alash.kz.
Қазақстанда әлі де пияздың қымбаттауы жалғасып жатыр.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 14-24 мамыр аралығында бұдан да күшті өсім тіркелді – 6,1 пайыз.
Қазір Қазақстанда бір келі пияздың орташа құны 114 теңге шамасында болса, сәуір айының соңында ол небәрі 92 теңге болды.
Апта ішінде пиязбен қатар картоп (3,8 пайызға) және сәбіз де (1,4 пайызға) айтарлықтай қымбаттады:
картоп – 160 теңге;
сәбіз – 194 теңге;
қырыққабат – 138 теңге.