Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда Алтын Орда дәуірінің даңқын даралайтын Жошы хан туралы сериал түсіріледі

21:51, 16 қараша 2024 448

Алтын Орда дәуірінің даңқын даралайтын Жошы хан туралы сериалдың түсірілімі Қазақстанда өтеді, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Kazinform-ның мәлімдеуінше, Қазақстанға жобаның атқарушы продюсері және режиссері Эмре Шахин, продюсер Фикрет Маноглу және Karga Seven Pictures-тің қоюшы-суретшісі Зеки Сарайоғлу келді. Шығармашылық топ мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринмен жеке кездесіп, Алтын Орданың негізін қалаушы хан Жошы туралы шағын сериалдың алдағы түсірілімін талқылады. Бұл туралы олар Instagram парақшасында хабарлады. 

Продюсерлік компанияның өкілдері сценарий бойынша жұмыстың аяқталғанын хабарлады.  Оны әзірлеуге белгілі жазушылар Джастин Поллард ("Викингтер") және Клэр Мурсом ("Король вне закона") атсалысқан, сондай-ақ қазақстандық және халықаралық тарихшылар мен сарапшылар қатысқан.

Фото: karga7pictures/ Instagram

Сондай-ақ, олар сценарийді әзірлеу кезінде Жошы ұлысының, Алтын Орданың тарихын, сондай-ақ көшпелі халықтар мен қазақтардың мәдени құндылықтары мен өмір салтына қатысты зерттеу жүргізілгенін айтты. 

Бүгінгі таңда түсірілім орындарын табу сәтті аяқталған және кастинг жүріп жатыр. Сериалдың түсірілімі жақын арада басталады деп жоспарланып отыр.

Фото: karga7pictures/ Instagram

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жобаның маңызын атап өтіп, Жошы хан дәуірінің ойшылдары мен стратегтері әлемдік тарих пен геосаясатқа жақсы ықпал еткенін атап өтті.

Cargo Seven Pictures өкілдері Алтын Орданың тарихы халықаралық аудитория мен дистрибьюторлардың үлкен қызығушылығын тудырғанын тілге тиек етті. 

Бұған дейін сенатор, тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Дархан Қыдырәлі Жошы ханның қазақ тарихындағы рөлі туралы айтқан болатын.

Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Дүкен Мәсімханұлының айтуынша, Шыңғыс хан мен Жошы Ұлысы салтанат құрмаса, Орталық Азия араб-парсы ықпалына түсуі мүмкін еді.

Француз тарихшысы Жошы ұрпақтарының халықаралық дипломатияға әсері туралы да тебірене сөйледі. 

Орайы келгенде айта кетейік, зерттеушілер Жошы ханды біртұтас Қазақ хандығының негізін қалаған тұлға ретінде қарастырады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар