Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда алтын грамының құны рекордтық көрсеткіште қымбаттады

12:54, 13 қаңтар 2026

Қазақстанда алтын құны бұрын-соңды болмаған тарихи деңгейге көтерілді, деп хабарлайды Alash.kz. 

Ұлттық банктің бүгінгі бекіткен бағамына сәйкес, бағалы металдың бір грамы 75 200,37 теңгені құрап, рекордтық көрсеткішке жетті.

Нарықтағы бұл өзгеріс бір күннің ішінде алтынның 2,59 пайызға немесе 1 895 теңгеге қымбаттағанын көрсетеді. Ал жылдық динамикаға көз жүгіртсек, өткен жылдың 13 қаңтарынан бері металл бағасы 65,7 пайызға өскен. Бұл - әр грамның құнына 29 817 теңге қосылды деген сөз.

Халықаралық биржаларда да жағдай ұқсас. Троялық унцияның (шамамен 31 грамм) бағасы 4 599 долларға (шамамен 2,35 млн теңге) жетіп отыр. Сарапшылар алдағы уақытта алтын құны 6 000 доллардан асуы мүмкін екенін айтқанымен, мұндай өсімнің алыпсатарлық сипаты басым болуы ықтимал екенін ескертеді. Сондықтан бағаның күрт төмендеу қаупі (коррекция) барын ұмытпаған жөн.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар