Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда алғашқы ЛГБТ сайтына тыйым салынды

06:50, 12 ақпан 2024 304
Қазақстанда жасөспірімдерге арналған алғашқы ЛГБТ сайтының жұмысына тыйым салынды, деп хабарлайды Alash.kz порталы. 

Selftanu жасаушылары бұған дейін контенттің көмегімен мектеп оқушыларына жасөспірімдік кезеңдегі қиындықтарды жеңуге көмектескісі келетінін атап өткен.

Сайт ашылған алғашқы күні қазақстандықтар дәстүрлі емес сексуалдық бағытты насихаттауға қарсы петиция жариялады. Оның авторлары отбасылық құндылықтарды дәріптеу дені сау және бақытты жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін маңызды деп санайды, деп жазады Orda.kz.

Бүгін Мәдениет және ақпарат министрлігі ресурсқа тосқауыл қойғаны белгілі болды. Ведомство «selftanu.kz» сайтында «балалардың денсаулығы мен дамуына зиянды» ақпарат бар екенін атап өтті.
«Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті орган балалардың психо-жастық ерекшеліктерін, олардың теріс әсерге осалдығын ескере отырып, оларға дұрыс бағыт-бағдар беру мақсатында қазақстандық тұрғындар арасында ЛГБТ қозғалысының идеяларын тарататын интернет-ресурстарға қолжетімділікті шектеу қажет деп санады», - деп түсіндірді министрлік. 

ЛГБТ+ өкілдеріне арналған ашық ресурста олардың жыныстық бағдары мен гендерлік сәйкестігін түсіну, сондай-ақ қарым-қатынастар туралы ақпарат бар екенін еске түсірейік. Сонымен қатар, жоба авторлары ақпарат алу үшін тиісті ұйымдарға хабарласуды, психолог, дәрігер немесе заңгерден кеңес алуды ұсынған.

Фото: Pixabay
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар