Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда 3 мың адам бостан-босқа сотталып кете жаздады

15:23, 19 желтоқсан 2025

Бүгін Бас прокуратура 2025 жылғы жұмысын қорытындылап, бірқатар бағыт бойынша статистикалық мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Alash.kz.

Азаматтарды заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесіне тоқталған Бас прокурор Берік Асылов биылғы нәтижелерге ерекше назар аударды.

Оның айтуынша, 2025 жылы 3 мыңнан астам адамның заңсыз түрде қылмыстық орбитаға тартылуына жол берілмеген. Сонымен қатар, азаптау фактілерінің саны бірнеше есе азайған, ал қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде азаптауға мүлде жол берілмеген. Суицид деректері 27 пайызға қысқарған.

Сондай-ақ, сотталған азаматтардың әлеуметтік бейімделуі бағытында да оң өзгерістер бар. Бас прокуратура мәліметінше, жұмысқа орналасқан сотталғандар саны 15 пайызға артқан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар