Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда 2027 жылғы діни мерекелердің күнтізбесі бекітілді

19:29, 17 қазан 2026

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2027 жылға арналған діни күндер кестесін жариялады. Оған сәйкес, Рамазан айы 8 ақпанда басталып, Ораза айт 9 наурызға, ал Құрбан айттың алғашқы күні 16 мамырға сәйкес келеді, деп жазды Alash.kz.

ҚМДБ мәліметінше, Қадір түні 5 наурыздан 6 наурызға қараған түнге белгіленген.

2027 жылғы негізгі діни күндер:

  • 8 ақпан — Рамазан айының басталуы;
  • 5–6 наурыз — Қадір түні;
  • 9 наурыз — Ораза айт;
  • 16 мамыр — Құрбан айттың бірінші күні.

Мүфтият діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты өзгеруі мүмкін екенін ескертті. Сондықтан жарияланған күндер бір күнге ертерек немесе кешірек жылжуы ықтимал.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар