Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қазақстан тезектің үздік экспорттаушысы». Назарбаевтың жиені Нұрәли  Әлиев желіде Бораттың видеосын жариялады

20:53, 06 тамыз 2024 565
Бораттың рөлін сомдаған британдық актер Саша Барон Коэн саяси тұрғыдан ерсі қылықтарымен танымал. Аты шулы «Борат» фильмінде ол Қазақстанның «әнұранын» айтқан болатын. Бейнежазбаны тіпті Назарбаев отбасына қатысы бар ірі бизнесмен Нұрәли Әлиев инстаграм желісіне бөліскен, деп хабарлайды Alash.KZ ozgeris.info сайтына сілтеп.

Бейнежазбада Борат «Қазақстан – әлемдегі ең ұлы мемлекет. Басқа елдердің барлығын кішкентай қыздар басқарады. Қазақстан тезектің үздік экспорттаушысы. Орталық Азияның басқа елдерінде тезек деңгейі төмен» деп айтады.

Айта кетейік, бұған дейін «Борат Сағдиевтың» Қазақстан бейнесін жасап жүргеніне Қазақстанның билік өкілдері ресми түрде наразылық танытқан еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?