Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қазақстан тарихында бұрын-соңды болмаған жетістік»: Бибісара Асаубаева әлемнің үздік жеті шахматшысы қатарына енді

17:03, 02 мамыр 2026

Қазақстандық гроссмейстер Бибісара Асаубаева FIDE рейтингінде үздік жетіліктің қатарына қосылып, отандық зияткерлік спорт тарихында бұрын-соңды болмаған нәтижеге қол жеткізді, деп жазады Alash.kz. 

2026 жылдың 1 мамырында жарияланған жаңартылған тізімде отандасымыз 2527 ұпаймен әлемнің ең мықты шахматшыларының қатарынан көрінді.

Бұл жетістік Бибісараның халықаралық аренадағы тұрақты әрі жемісті еңбегінің айғағы. Қазіргі таңда әлемдік рейтингтің алдыңғы шебінде Қытай мектебінің өкілдері Хоу Ифань, Лэй Тинцзе және Цзюй Вэньцзюнь бастаған гроссмейстерлер үстемдік құрып тұрғанына қарамастан, қазақстандық спортшы осындай жоғары бәсекелестік ортада 7-сатыға дейін көтеріле алды. Бибісараның жас екенін ескерсек, сарапшылар оның алдағы уақытта бұдан да жоғары белестерді бағындыруға мүмкіндігі зор деп есептейді.

Бибісара Асаубаева — тек рейтингімен ғана емес, нақты жеңістерімен де әлемді мойындатқан тұлға. Оның спорттық жолында блиц бойынша үш дүркін әлем чемпионы атағы, рапидтен әлемнің вице-чемпионы, Азия чемпионы және Претенденттер турнирінің жүлдегері сияқты маңызды марапаттар бар. Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы ретінде ол елдегі шахмат мектебінің дамуына зор серпін беріп отыр.

Асаубаеваның 2527 ұпай жинап, әлемнің үздік жеті шахматшысының қатарына енуі — Қазақстан шахматы үшін бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар