Қазақстан ерлер құрамасы үстел теннисінен Лондонда (Ұлыбритания) өтіп жатқан командалық әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алу үшін күреседі. Бұл туралы Ұлттық олимпиалалық комитет хабарлады, деп жазады Alash.kz.
1/16 финалда ұлттық құрама Испания командасымен кездесті. Алғашқы матчта Алан Құрманғалиев Альваро Роблесті 3:1 есебімен жеңді.
Одан кейін Кирилл Герасименко Хуан Пересті дәл осындай есеппен ұтып, Қазақстан құрамасының басымдығын арттырды.
Испаниялық Даниэль Берзоса Айдос Кенжіғұловты 3:1 есебімен жеңіп, есеп айырмасын қысқартты.
Алайда шешуші нүктені Кирилл Герасименко қойды. Қазақстандық спортшы Альваро Роблесті 3:0 есебімен тізе бүктірді.
Қорытынды есеп - 3:1. Осылайша Қазақстан құрамасы 1/8 финалға жолдама алып, енді Жапония мен Бельгия арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.
Айта кетейік, Қазақстан ерлер құрамасы тарихта алғаш рет әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты.
Ал әйелдер құрамасы әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады. 1/16 финалда қазақстандық спортшылар Швеция құрамасына 1:3 есебімен есе жіберді.