Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан құрамасы семсерлесуден Әлем кубогының жеңімпазы атанды

17:02, 19 қазан 2026

Марокконың Касабланка қаласында өтіп жатқан семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Alash.kz.

ҰОҚ мәліметінше, командалық сайыстың финалында қазақстандық шпагашылар Ресей құрамасын 45:40 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы ширек финалда Мысырдан басым түссе, жартылай финалда Францияны жеңді. Сонымен қатар жарыс барысында Түркия мен Гонконг құрамаларын да тізе бүктірді.

Ұлттық құрама сапында Александр Федотов, Кирилл Павлов, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов өнер көрсетті.

Еске салайық, Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден 2026 жылы Жапонияда өткен Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алған еді. Сондай-ақ осы маусымда қазақстандық семсерлесушілер Азия және әлем чемпионы атанды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар