“Навои” бақылау-өткізу бекетінде әйел 314 грамм алтынды қынабына салып өткізбек болған, деп Alash.kz ұлттық порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Өзбекстан-Қазақстан шекарасындағы “Навои” кеден бекетінде Өзбекстан кеден комитетінің ішкі қауіпсіздік қызметі заңсыз зергерлік бұйым алып өтпек болған әйелді ұстады. Ташкент облыстық департаментінің мәліметіне сәйкес, шекарашылар күдік туғызған әйелді жеке тінтуге жіберген.
Тексеру кезінде оның қынабынан 314 грамм алтын табылды. Кедендік есеп бойынша тәркіленген зергерлік бұйымның құны шамамен 316 миллион сумға, яғни 13,5 миллион теңгеге тең. Алынған зат айғақ ретінде тіркелді.
Қазір кеден органдары тергеуге дейінгі тексеруді бастап, оқиғаны әрі қарай сараптау мәселесін қарастыруда.