Бұл шамамен 1997-1998 жылдар еді. Мен ол кезде сол 7-8 жастағы баламын. Әкем Зардыһан Қинаятұлының “Жылаған жылдар шежіресі” атты кітабын оқып отыратын. Кітаптың мұқабасы - жұмсақ сары қағаздан болды, ортасынан қақ бөлініп, үстіңгі жағы көкшіл түс, астыңғы жағы сарғыш түсте, әлдебір суреттер болатын. Кітапты әкем қолынан тастамай оқиды, сол кітаптың ішінде осы өлең бар-тын. Бізге тамағын бір қырнап алып оқып беретін. Ұмытып қалсақ, әлгі кітапты өзіміз қолға аламыз, әпкем айтып беретін. Сүйтіп, ол кітаптың жемтір-жемтірі шығып үйде жататын. Бірақ, сол кезде бізге осындай “қызық” сұрақтар қойған адамға әпкем екеуіміз тұра қалып осыны айтатынбыз. Бұл өлең Бекен Кайратулы ның өлеңі еді. Бала кезімнен қалған осы естелікті өзіме-өзім “сұқбат” бере отырып айтып берген едім. Желіні шулатып жатыр екен. Олай болса, контенттің авторы екенімді ресми түрде фейсбук оқырмандарыма жариялап қояйын. Негізі бұл видеоны тек инстаграмыма салғанмын. Қазір бұл барлық желіде жүр және контентті рұқсатсыз көшіріп басып жатыр. Құрметті әріптестер, контент алыңыздар , бірақ авторды көрсетуді ұмытпаңыздар!Бекен аға, сіздің бұл өлеңдеріңіз біздің “жаудан қорғанатын” қалқанымыз сияқты болды. Инстаграмда жариялағанда сипаттамасына авторын жазғанмын. Бірақ, елдер кімнің өлеңі деп сұраумен болды. Ел жылы қабылдап, бізді бауырына тартып жатыр, жылап тыңдап отырмын деп біраз адам жазды. Көп рақмет! - деп жазды журналист.
"Қазақстан орыстанып барады дейді...". Атажұртқа оралған қыз бірнеше жылдан кейін ешкімге айтпаған сырын бөлісті
Қазақстан 84 жүлде жеңіп алды: Жапонияда Азия ойындарының жабылу салтанаты өтті
16:00, 04 қазан 2026
Маңғыстау облысында кадрлық ауыс-түйіс болды: Екі ауданға жаңа әкім тағайындалды
13:15, 04 қазан 2026
Тоқаевтың шақыруымен Оман Сұлтаны алғаш рет Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
11:25, 04 қазан 2026
12 алтын, 24 күміс, 48 қола: Қазақстан Азия ойындарын сегізінші орынмен аяқтады
10:42, 04 қазан 2026
“Росгвардияны дамытуға үлес қосқан”. Рамзан Кадыровқа армия генералы атағы берілді
16:57, 03 қазан 2026
Маңғыстаудағы қайғылы оқиға кезінде аман қалған сарбазға қатысты тың жаңалық шықты
13:28, 03 қазан 2026
Қазақстанда дәрігерлердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуын күшейту көзделіп отыр
11:57, 03 қазан 2026