Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның бірлескен инвестициялық жобалары Президентке таныстырылды

15:44, 15 қыркүйек 2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан мен Корея Республикасының экономиканың түрлі салаларында іске асырылатын бірлескен инвестициялық жобалары таныстырылды, деп хабарлайды Alash.kz.

Ұсынылған бастамалардың қатарында Алматы қаласында жергілікті автобөлшектер өндірісін ашу жобасы бар. Жоба аясында отандық автозауыттардың сұранысына сай көліктің бәсеңдеткішін, орындық қаптамасын, еден жабыны мен сымдар будасын, сондай-ақ дөңгелек дискілерін шығару жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына Қостанай қаласында KIA компаниясының Локализация орталығы ашылатыны туралы баяндалды. Жаңа орталықта есік панельдері, орталық консольдар, орындықтар, төбе және еден қаптамалары, бамперлер мен автомобильдің басқа да бөлшектері өндіріледі.

Бұдан бөлек, Президентке медицинада қолданылатын ультрадыбысты диагностика жүйелерін шығару, Алматы қаласында корейлік басқару үлгісі мен заманауи медицина технологиялары қолданылатын көпбейінді аурухана салу, сондай-ақ дрондар құрастыру секілді маңызды жобалар көрсетілді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар