Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан күрестен жастар арасындағы Азия чемпионатында 22 медаль жеңіп алды

12:47, 27 мамыр 2026

Вьетнамның Дананг қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты аяқталды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады, деп жазады Alash.kz.

Қазақстандық балуандар байрақты бәсекеде 7 алтын, 10 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды.

Еркін күрес

Нұрданат Айтанов (61 келіге дейін), Майис Алиев (70 келіге дейін), Нұрдәулет Сейілбеков (74 келіге дейін), Ризабек Айтмұхан (125 келіге дейін) алтын медаль алды.

Еламан Амангелді (54 келіге дейін), Ерхан Әбіл (79 келіге дейін), Абылайхан Үзембаев (86 келіге дейін) күмістен алқа тақты.

Шаттық Алайдар (65 келіге дейін) қола медальға ие болды.

Грек-рим күресі

Айбек Айтбеков (60 келіге дейін), Ислам Евлоев (97 келіге дейін) алтын медаль еншіледі.

Нұрмұхаммед Ибрахим (72 келіге дейін), Әлихан Дурсунов (77 келіге дейін), Ерасыл Жеңгіс (87 келіге дейін), Джохар Узаров (130 келіге дейін) күміс жүлдеге ие болды.

Диас Нұрақов (63 келіге дейін), Кирилл Минько (82 келіге дейін) қола медаль алды.

Әйелдер күресі

Шұғыла Өмірбек (55 келіге дейін) алтыннан алқа тақты.

Алтын Шагаева (57 келіге дейін), Тыныс Дүбек (62 келіге дейін), Алина Ертөстік (76 келіге дейін) күміс жүлде еншіледі.

Лаура Ғаниқызы (50 келіге дейін), Виктория Хусаинова (59 келіге дейін) қола медальға ие болды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар