Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан күрес федерациясының жаңа бас хатшысы тағайындалды

16:04, 19 желтоқсан 2025

Қазақстан күрес федерациясының бас хатшысы қызметіне Дамир Бекбосынов тағайындалды. Ол — «Дала Қырандары» жастар қоғамдық бірлестігінің үйлестірушісі, спортты дамытумен қатар жастардың патриоттық тәрбиесіне айрықша көңіл бөліп жүрген белсенді қоғам қайраткері, деп жазады Alash.KZ.

Дамир Бекбосынов — қазақ күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері. Ол ұлттық күрес түрлерін дамыту бағытында мол басқарушылық тәжірибеге ие. 2023 жылдан бері Qazaq Kuresi ассоциациясының бас директоры қызметін атқарып келеді.

Сонымен қатар, 2025 жылдан бастап Дамир Бекбосынов ұлттық күрес түрлері бойынша United World Wrestling (UWW) халықаралық ұйымының Атқарушы комитетінің құрамына енді.

Жаңа тағайындау қазақстандық күрестің халықаралық деңгейде дамуына және жастармен жүйелі жұмыстың күшеюіне серпін береді деп күтілуде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар