Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан камбэк жасап, хоккейден жасөспірімдер арасында әлем чемпионатындағы үшінші матчында жеңіске жетті

12:01, 22 сәуір 2026

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы хоккейден Крыница қаласында (Польша) өтіп жатқан әлем чемпионатында қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады, деп жазады Alash.kz.

Украинаға қарсы матч біздің команда үшін оңай басталған жоқ. Қарсылас алғашқы кезеңде екі шайба соғып, екінші кезеңде есепті 3:0-ге жеткізді.

Соған қарамастан, үшінші кезеңнің ортасына қарай Владислав Ануфриев, Михаил Коленко және Никита Гридасовтың дәл соққыларының арқасында есеп теңесті.

Кездесудің аяқталуына жақын қалғанда Матвей Решетько жеңіс шайбасын соқты. Ал соңғы секундта Егор Кравченко бос қақпаға шайба енгізіп, матчтың нүктесін қойды - 5:3.

Осылайша, үш ойыннан кейін 9 ұпай жинаған Максим Худяковтың шәкірттері әлем чемпионатында екінші орынға көтерілді. Бұған дейін қазақстандық хоккейшілер Венгрия мен Польша құрамаларын жеңген болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар