Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан IBA ұйымдастырған 2025 жылғы әлем чемпионатында алтын жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Alash.kz.
71 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Абылайхан Жүсіпов ресейлік Сергей Колденковпен жұдырықтасты. Тартысты өткен жекпе-жек нәтижесінде қазақстандық боксшы төрешілердің бөлінген шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Абылайхан Жүсіпов Қазақстан құрамасының қоржынына әлем чемпионатындағы кезекті алтын медальді салды.
Ал Сабыржан Аққалықов әлем чемпионатының финалында күміс жүлде алды.
Қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов Дубайда өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатының (IBA) финалында өнер көрсетті.
75 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі шешуші жекпе-жекте ол ресейлік Исмаил Муцольговпен кездесіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіліс тапты. Нәтижесінде Сабыржан Аққалықов әлем чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды.