Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қазақстан бақытты елдер арасында 33-орында»: Жаһандық рейтинг белгілі болды

19:58, 19 сәуір 2026

2026 жылғы жаһандық есептің қорытындысы бойынша Қазақстан ең бақытты елдер тізімінде 33-орынға табан тіреді, деп жазады Alash.kz. 

Бұл көрсеткіш еліміздің халықаралық деңгейдегі ең жоғарғы жетістігі ретінде тіркеліп отыр. Бір жылдың ішінде республика рейтингте бірден 10 сатыға жоғарылап, өмір сүру сапасы мен азаматтардың әл-ауқаты бойынша оң динамика көрсеткен.

Аймақтық деңгейде Қазақстан Орталық Азия мен ТМД елдері арасында көш басына шықты. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, еліміз бақыт индексі бойынша бірнеше дамыған мемлекеттің алдына түскен. Бұл көрсеткіш экономикалық тұрақтылық, әлеуметтік қолдау және халықтың ертеңгі күнге деген сенімі сияқты маңызды факторлар негізінде қалыптасты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар