Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан бадминтон құрамасы Армениядағы турнирде бес медаль жеңіп алды

11:19, 17 маусым 2026

Қазақстанның бадминтон құрамасы Арменияның Ереван қаласында өткен European Youth Gran Prix халықаралық турнирінде бес жүлдеге қол жеткізді, деп жазады Alash.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, 15 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жекелей сында Арслан Орманов чемпион атанды. Ал Вероника Моисеенко күміс жүлдеге ие болды.

Моисеенко жұптық сында да екінші орын алды. Осы бағдарламада Арслан Орманов қола жүлдегер атанды.

Аралас жұптар сайысында Арслан Орманов пен Вероника Моисеенко қола медаль жеңіп алды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар