Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан әлем чемпионатында хоккейден тарихи жеңісіне қол жеткізді

30 сәуір 2024 189

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы хоккейден 18 жасқа дейінгілер арасында Финляндияда өтіп жатқан әлем чемпионатында тарихи жеңісіне қол жеткізді.Бұл туралы ҚазАқпарат мәлімдеді.

Георгий Верещагин баптайтын қазақстандықтар В тобында Чехия құрамасын 4:3 есебімен ұтып, сенсация жасады.

Жеңіс голын овертаймда Мстислав Шипилин соқты.

Бұл – Қазақстанның 18 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионаттарындағы бірінші жеңісі. Осыған дейін 2003 жылы Ресейдің Ярославль қаласында өткен біріншілікке қатысқан қазақстандықтар онда барлық матчында қарсыластарына есе жіберген еді.

Қазіргі кезде В тобында Канада 3 матчтан кейін 9 ұпаймен алда тұр. Чехияда – 6, Швецияда – 4, Швейцарияда – 3, Қазақстанда 2 ұпай бар.

Қазақстандықтар соңғы кездесуін 30 сәуір күні Канадамен өткізеді.

Бұл матчта жеңіліп қалған жағдайда Қазақстан құрамасы А тобында соңғы орын алған командамен кездеседі. Оны ұтса, элитада қалады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?