Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қазаққа жерін алып берген кім?". Қазақ жерінің шекарасын қорғауға үлес қосқан тұлға туралы тың жазба жарияланды

15:28, 02 маусым 2026

Қазақ жерінің шекарасын қорғауға үлес қосқан Әлімхан Ермеков туралы жазба жарияланды

Әлеуметтік желіде қоғам белсендісі Қуаныш Рахметоллаұлы Алаш қайраткері Әлімхан Ермековтің қазақ жерінің аумақтық тұтастығын сақтаудағы тарихи рөлі туралы жазба жариялады.

Автордың айтуынша, 1920 жылы Мәскеуде өткен тарихи жиында Әлімхан Ермеков ғылыми деректерге сүйене отырып, қазақ жерінің шекарасын дәлелдеп, Қазақстанға тиесілі аумақтардың республика құрамында қалуына елеулі үлес қосқан.

Жазбада сол кезеңде ұлттық мүддені қорғаған қайраткерлердің еңбегі ерекше аталып, олардың қызметінің арқасында бүгінгі Қазақстанның аумақтық тұтастығы сақталғаны айтылған.

Сондай-ақ Қуаныш Рахметоллаұлы Әлімхан Ермековтің тек ғалым әрі математик қана емес, мемлекет қайраткері ретінде де маңызды тарихи миссия атқарғанын атап өтті.

«Әлімхан Ермеков – ұлттың жерін қорғаған мемлекет қайраткері, ел болашағы үшін күрескен Алаштың ардақты ұлдарының бірі», – деп жазды автор.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар