«Қазақмыс» Тобында өндірістік арнайы киімнің бірыңғай стандартына кезең-кезеңмен көшу жалғасуда. Жаңартылған арнайы киім үлгілері нақты еңбек жағдайын ескере отырып, жер үсті және жер асты жұмыстарындағы ерекшелікке сай дайындалды, деп жазады Alash.kz..
Басты міндет – арнайы киімді барынша ыңғайлы, сенімді әрі функционалды ету. Өндіріс алаңында анық көріну үшін жаңа үлгідегі киімнің түсі өзгертілді. Ыңғайлы болғандықтан және жылдам тағылып-шешілетіндіктен түйменің орнына сыдырма мен батырма қолданылды. Шаң мен суықтан жақсырақ қорғау үшін қайырма жаға тік жағаға ауыстырылды. Шалбардың бел тұсының артқы бөлігі биіктетіліп, жылы болу үшін қосымша қабат қосылды. Бұл жерасты жұмысын орындауда аса маңызды. Сонымен қатар құралдарға арналған қосымша қалталар мен ауа алмасуды қамтамасыз ететін вентиляциялық элементтер қарастырылған.
Арнайы киім үлгісінің жаңа стандартына көшу бірқатар өндіріс алаңдарында 2025 жылы жүзеге асырылды. 2026 жылғы 1 наурыздан бастап жаңартылған арнайы киім Жезқазған тау-кен өндірісінің кәсіпорындарына енгізіледі.
Арнайы киімнің бірыңғай стандартын енгізудің мақсаты – күнделікті жұмыста жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Жаңа стандарт жұмыс үдерісін ыңғайлы әрі қауіпсіз етуі тиіс.
«Қазақмыста» арнайы киімнің бірыңғай стандарты енгізіледі
Астанадағы балабақшада ерекше балаға қол көтерілді: полиция қылмыстық іс қозғады
18:54, 13 қараша 2026
«Желіде жас сарбаздың талып қалған видеосы тарады»: Құзырлы органдар мәлімдеме жасады
17:14, 13 қараша 2026
«445,6 мың адам»: Қазақстанда жұмыссыз жүргендер кімдер? Жаңа статистика жарияланды
16:53, 13 қараша 2026
Қуанышты хабар: Қазақстандық боксшылар World Boxing әлемдік рейтингінде көш бастады
16:05, 13 қараша 2026
«Сыбайлас жемқорлыққа батқан ниеті теріс кісілер – біздің қас жауымыз» – Президент
15:13, 13 қараша 2026
«Ифтар, сухур, ухти, ахи»: ҚМДБ діни сөздерді орынсыз қолдануға қатысты үндеу жасады
14:26, 13 қараша 2026
"Әскери дайындыққа миллиардтаған рубль": Ресей мектеп оқушыларының қолына қару берді
22:02, 12 қараша 2026