Қазақмыс 300-ден астам ағаш отырғызып, өңірлерде экологиялық акция өткізді, деп жазды Alash.KZ.
«Қазақмыс» Тобы қалалық ортаны жақсарту мен абаттандыруға бағытталған республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық бастамаларды жүзеге асыруды жалғастыруда.
Кезекті көгалдандыру акциясы Астана қаласындағы №52 мектеп-гимназиясының аумағында «Қазақмыс» Тобының басқарма төрағасы Руслан Өскенәлінің қатысуымен өтті. Компания қызметкерлері бірлесіп, 200 түп ағаш отырғызды.
Экологиялық іс-шара Қарағанды облысында да өтті. Көгалдандыру жұмысы өндірістік алаңдарда және елді мекендерде жүргізілді: Шешенқара кентінде — 30 түп ағаш, Бақты кентінде — 50 көшет, «Абыз» кенішінде 20 түп ағаш отырғызылса, тағы 20 көшет Қарағанды құю-машина жасау зауытының аумағына егілді.
Сонымен қатар компанияға қатысы бар аймақтарда сенбілік ұйымдастырылды. Соңғы апта ішінде компанияның 800-ге жуық жұмыскері кәсіпорын аумағы мен қоғамдық кеңістіктерден 580 тоннаға жуық қоқыс жинап, шығарды. Бұл жұмысқа 28 бірлік арнайы техника тартылды. Балқаш, Жезқазған және Сәтбаев қалаларында өткен тазалық акциясы Балқаш көлінің жағалауын да қамтыды.
Мұндай экологиялық бастамалар «Қазақмыс» Тобының өңірлердің экологиялық жағдайын жақсарту және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады.
«Қазақмыс» «Таза Қазақстан» акциясы аясында 300-ден астам ағаш отырғызып, өңірлер табиғатына ерекше серпіліс сыйлады
Семсерлесуден Азия чемпионаты: Қазақстандық шпагашылар алтын медаль жеңіп алды
09:11, 24 маусым 2026
«Тамыры соғып тұр…»: Ербаянның жақындары қаралы хабарға қатысты күмәндарын жеткізді
00:24, 24 маусым 2026
«Оқ жаудырып, бір-бірін қуалаған»: Демалыс орнында бұзақылық жасаған 22 адам ұсталды
20:32, 23 маусым 2026
«Қазақ маманын қазақ футболына сыйдырмады»: Белгілі журналист өткір мәлімдеме жасады
15:19, 23 маусым 2026
“Кедергіні алып тастадық. Заң бекітілді”: Асхат Аймағамбетов қуанышты жаңалығын бөлісті
14:38, 23 маусым 2026
"Асанәлі Әшімовтің үстінен арыз жаздым": Бауыржан Қаптағай өткендегі қателігін мойындады
13:58, 23 маусым 2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне жаңа вице-министр тағайындалды
10:52, 23 маусым 2026
“Маңызды оқиға”: Қазақстанда алғаш рет мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық чемпионаты өтеді
09:43, 23 маусым 2026
“Үлкен жеңіс! Өте қуаныштымын”: Михаил Шайдоров көптен күткен арманы орындалғанын айтты
09:19, 23 маусым 2026
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Александр Пак 10 жылға бас бостандығынан айырылды
18:05, 22 маусым 2026